Қызылорда жылдың үздік спортшылары марапатталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жыл қорытындысы бойынша жылдың үздік спортшылары, үздік жаттықтырушылар, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен танылған қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.