Кубаның 2 мың тұрғыны тегін интернет пайдаланатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавананың тұрғыны 67 жастағы Маргарита Маркез Жаңа жыл қарсаңында ерекше сыйлық алды, оның үйіне тегін интернет қосылды. Бұл үлкен жетістік, өйткені Кубада дүниежүзілік желіге қосылғандар саны өте аз. Өмір бойы университетте оқытушы болып жұмыс істеген Маркез ханым астананың тарихи орталығын интернетке қосу бойынша тестілік бағдарламаға енген 2 мың қатысушының бірі болды.