Маңғыстаулық құтқарушыларға 2016 жылы 100 мыңнан астам жалған қоңырау түскен
АКТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай диспетчерлік қызметінің «112» нөмірі 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Тұрғындардан келіп түсетін қоңыраулар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Жыл сайын «112» нөміріне мыңдаған жалған және төтенше жағдайлар саласына қатысы жоқ қоңыраулар келіп түсіп жатады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.