ЭКСПО-2017 көрмесіне Қытайдан 350 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай тарапы ЭКСПО-2017 көрмесіне 350 мыңнан астам турист қатысады деп болжам жасап отыр. Бұл туралы Қытайдың халықаралық саудасына ықпал ету комитеті төрағасының орынбасары, Қытай павильонының ұлттық комиссары және Қытайдың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын үкіметінің өкілі Ван Цзиньчжэнь айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.