Қазақстанда ХҚКО-лар 8 қаңтар күні жұмыс істейтін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары 8 қаңтар, жексенбі күні жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Фейсбук-аккаунтында хабарланды.