Билік тармақтарының өкілеттіктерін бөлу жөніндегі жұмыс тобының құрамы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.