«Ескі Жаңа жыл» неге 14 қаңтарға қараған түні тойланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпы, біз «жыл» деп Жердің Күнді айналуын, «ай» деп Айдың Жерді айналуын, тәулік деп Жердің өз осьін айналуын айтамыз. Жердің Күнді айналуы - 365 тәулік 5 сағат 54 минут болса, Айдың Жерді айналуы - 29 тәулік 11 сағат 49 минут, ал, Жердің өз осьін айналуы - 23 сағат 56 минут 4 секунд. Бұдан біз ойлағандай жылдың дәл 365 күн, айдың дәл 30 күн, тәуліктің дәл 24 сағат емес екендігін ұғамыз.