Баяндама Оқушылардың үлгерімі жайында
Оқушылардың үлгерімі жайында
Үлгермі төмен –бұл әр мектептің өзекті проблемасының бірі болып саналады. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс- бұл мұғалімнің үлкен басым міндеттерінің бірі. Ең алғашқы кезең үлгермеуші 1-сыныпта байқалады- ол оқушының жеке қасиетіне, мұғалімнің жіберген қателіктеріне, денсаулығына байланысты. Кейінгі кезең бұл орта буын. Себебі 5-7 сыныптарда оқушылардың оқуға деген көзқарасы өзгереді. Оқушылардың 75 пайызында қорқақтық пайда болады. Ескертулерді, түзетулерді, ұрысуды күтіп отырады. Соңында қайта оқуға деген көзқарастары дұрысталып, оқи бастайды. Американдық Холингсварс оқушыларды оңтүстікке ұшып бара жатқан құстарға теңейді, ортасында құстар бұлт тәрізді шоғырланып бірге ұшады, алдында, артында топ сирей бастайды.