АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 ақпанда Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігі және шығысы арқылы атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашынды болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.