Ақтөбедегі көліктің 32 пайызы сұйытылған газбен жүреді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 194 мыңнан астам көлік бар. Оның 32 пайызы сұйытылған газбен жүреді. Қазіргі күні мемлекеттік көліктің бәрі газға ауыстырылып, қарапайым көлік жүргізушілерін үгіттеу жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.