Ауыл тұрғыны Нұрлан Ноғаевқа өз қолымен жасаған домбырасын сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Махамбет ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде жергілікті кәсіпкер Нұрлыбек Бисенбаев аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа өз қолымен жасаған домбырасын сыйға тартты. Айта кетелік, облыс әкімі бүгін, 10 ақпанда Махамбет ауданы әкімінің тұрғындарға берген жылдық есебіне қатысып, атқарылған жұмыстармен танысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.