Жыл басынан елордада ашық құдықтарға адамдардың құлауының екі оқиғасы тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанадағы ашық құдықтарға адамдардың түсіп кетуінің екі жағдайы орын алды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елорда әкімдігі жанындағы «ElordaAqparat» ЖШС медиахолдингінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.