Қазақстан Республикасы Президентінің 25.01.2017 жылғы Қазақстан халқына арнаған үндеуіне пікір
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев халық алдында сөйлеген сөзінде заман талабына сай мемлекет басқару ісінде де өзгерістер қажет екендігін атап өтті. Біздің ойымызша, бұл уақытылы көтерілген мәселе. Жаһанда алдынғы қатарлы мемлекеттердің даму бағыты демократияландыру болып табылады. Біз де бұл үдерістен қалмауға тиіспіз. Мемлекетті демократияландыру- халық мүддесіне сай. Халық неғұрлым мемлекет істеріне қатыстырылса, оны сезінсе, соғұрлым мемлекет істеріне жауапкершілігі де артылады. Ел басшысы ұсынған өзгеріс- парламенттің құқықтарын, міндеттерін кеңейту халық қалаулылары арқылы халықтың билікке қатыстырылуы. Үкіметтің парламент алдында жауаптылығы – халық алдындағы жауаптылығы.