Ақмола облысында əлеуетті кəсіпкерлер «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқытылмақ
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының 5 ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты енгізілетін болады. Осы арқылы əлеуетті кəсіпкерлер «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқытылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кəсіпкерлік және өнеркəсіп басқармасының бөлім басшысы Сандуғаш Алшынбаева мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.