Шымкентте толассыз жауған жауынның салдарынан үй құлады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте толассыз жауған жауынның салдарынан тұрғын үй құлады. Онсыз да апатты деп танылған баспана жаңбырға шыдас бермей опырылып қалған. Абырой болғанда шаңырақтағы алты бала аман, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.