Алматы облысында жол жөндеуге 19 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Алматы облысында 300 шақырымнан астам облыстық маңыздағы және 258 шақырым ауылішілік жолдар мен көшелер жөнделіп, 390 елді мекен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов облыс орталығында өткен есепті жиында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.