Сейсенбіде елімізде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 ақпанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, құбылмалы ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.