Ресейде 4 қабаттан басына қар құлаған әйел қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Киров қаласында жаяу жүргіншілер жолымен немересімен бірге кетіп бара жатқан әйелдің басына 4-ші қабаттан қар үйіндісі құлап, әйел алған жарақатынан жантәсілім етті. Бұл туралы жексенбі, 5 наурыз күні өңірлік тергеу басқармасының сайтынан мәлім болды, деп жазады lenta.ru.