Қыркүйектен бастап 2, 5 және 7 сынып оқушылары жаңа оқулықпен білім алады
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 2, 5 және 7 сынып оқушылары жаңа оқулықпен білім алады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.