«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Etihad Rail» (БАӘ) көлік-логистика саласындағы байланысты қалыптастыруға мүдделі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Қазақстанның транзиттік мүмкіндігімен және көлік- логистикалық инфрақұрылымымен танысуға келген «Etihad Rail»(БАӘ) теміржол компаниясы делегациясымен кездесті.