Ұлыстың Ұлы күні қашаннан тойлана бастады?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың бас ақыны Абай: «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп Наурызды суреттеген еді. Қарасақ қазақта Наурызға қуанбайтын адам болмаған. Абайдан бұрынғы жыраулар сөзінде де, тарихшы Махмұд Қашқаридың еңбектерінде, Қазақ хандығымен байланысты тарихи деректерде де қазақ халқының Наурызды әспеттегені туралы жазбалар кездеседі. Төл мерекеге «Ұлыстың Ұлы күні» деп айдар тағу да соның айғағы шығар.