Шымкентте түрік ақыны Юнус Эмре атындағы саябақтың іргетасы қаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығы маңында «Шатқал» бағдарламасы аясында Юнус Эмре атындағы саябақтың іргетасы қаланды. Шараның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, саябақтың алғашқы шыршасын отырғызды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.