Қызылорда облысында алғаш рет исламдық лизинг компаниясының жобасы субсидияланды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қиыршық тас, құм-саз қоспасы мен әк секілді құрылыс заттарын көтерме саудалаумен айналысатын қызылордалық «Шиелі Тас» ЖШС компаниясы жүк тасымалына қажетті техниканы сатып алу мақсатында «Қазақстандық Иджара Компаниясы» АҚ мен лизингтік келісім жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.