21 наурызда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
![21 наурызда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170130110332.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 наурызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіліп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл, найзағай болады, деп хабарлайды Қазгидромет.