Түркістандағы Наурыз тойында 1 тоннадан астам палау дайындалып, 1 500 литрдей наурыз көже үлестірілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда думанды Наурыз той мерекесінде 1 тоннадан астам палау дайындалып, 1 500 литрдей наурыз көже үлестірілді. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында этноауыл құрылып, онда ұлттық нақыштағы киіз үй әбзелдерімен әрленген 12 қанатты 33 киіз үй тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.