Маңғыстау облысында жаңа аурухана салынады
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 10 жыл бұрын, Мұнайлы ауданы құрылғанға дейін, оның аумағында 2 дәрігерлік амбулатория және 1 стационар болды. Қазір 7 дәрігерлік амбулатория, 3 стационар жұмыс істеп тұр. Халыққа барлығы 14 медициналық нысан қызмет көрсетеді. Бұрынғы аурухана 40 орындық тораптық темір жол ауруханасы ретінде 1967 жылы салынған. Ол 140 мың халқы бар ауданға қызмет етуі тиіс. Биыл жаңа заманауи аурухана салу жоспарлануда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.