ЭКСПО кезінде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Бұл туралы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы жарияланған expo2017culture.kz сайтында хабарланды.