Рокфеллердің тағылымды өмірі: ұзақ жасау мен жетістікке жетудің құпиялары
Ағымдағы жылдың 20 наурызында әлемдегі ең бай отбасының мүшесі, саясаттаушы, банкир, миллиардер Дэвид Рокфеллер 102 жасында дүниеден озды. Ол тірі кезінде жүрегін жеті рет ауыстырып, қайырымдылық жасаумен және қоңыздарды зерттеумен айналысып адамзат өмірінде өшпес, тағылымды із қалдыра білді.