Максим отбасымыздың мүшесі сияқты еді - Санкт-Петербургете қаза тапқан Арышевтің досы
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін 20.00-де «Сенная площадь» стансасында 3 сәуірде метрода лаңкестіктің салдарынан қаза тапқан Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің студенті 22 жастағы Максим Арышевті соңғы сапарға шығарып салады. Оның достары естелік мемориал орнатады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.