Көктем-2017: Тасқын суға аймақтар қалай дайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның көптеген өңірлеріне толассыз жауған қардың көктемгі тасқын суына айналары алдын ала болжанған еді. Елді мекендерді тасқын су басудың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар ТЖК бөлімшелерімен бірлесіп, алдын алу шараларын өткізуде.