Францияның АРЕВА компаниясы мен Қазатомөнеркәсіп стратегиялық келісімге қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және «АРЕВА» Директорлар кеңесінің төрағасы Филипп Варан мырзаның қатысуымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «АРЕВА» арасындағы қос компанияның Қазақстанда уран өндіру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды келісімге ресми қол қою рәсімі болып өтті.