Шымкентте самбо күресінен еліміздің ІV жастар спорттық ойындары өтіп жатыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің жеңіл атлетика спорт кешенінде самбо күресінен Қазақстан Республикасының ІV жастар спорттық ойындары өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан спортшылар келіп, бағын сынауда , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.