ФОТОРЕПОРТАЖ: ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды, мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.