ОҚО-да бес мыңнан астам шаруа субсидияға қол жеткізе алмай жүр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бес мыңнан астам шаруа субсидияға қол жеткізе алмай жүр. Сайрам ауданы диқандарының айтуынша, көктемгі егіс науқанына деп бөлінген миллиондаған ақшаны өткен жылы жергілікті әкімдіктегілер игере алмай, кері қайтарған.