Қазақстан мамандары келесі «Протонның» ұшырылымына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мамандары келесі «Протонның» ұшырылымы жұмыстарына қатысады. Бұл туралы Астанада Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына арналған «дөңгелек үстел» барысында «Бәйтерек» Бірлескен кәсіпорны жобалау кеңсесінің директоры Олег Балицкий мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.