Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, саяжайларды басуы ықтимал
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілсе, Орал қаласы төңірегіндегі саяжайларды басуы ықтимал. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.