Қазақстанда ГМО өнімдерін өсіруге тыйым салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда ГМО-ны қолдануға тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық аграрлық ғылыми-ағартушылық орталығының басшысы Асқар Наметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.