Алматыда қаңғыбас иттерге «баспана» салынбақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көшеден ұсталған қаңғыбас хайуанаттарға арналып өндірістік база салынып, оның қызметкерлері үшін де әкімшілік ғимарат тұрғызылмақ. Бұл туралы Алматы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Қарабатыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.