Ақтөбелік прокурорлар террористік мазмұндағы 290 материалды анықтады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында қала мен 5 аудандағы 80 нысанның лаңкестік оқиғаға дайындығы тексерілді. Интернетте террористік мазмұндағы 290 материал анықталып, басым бөлігі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.