Сотта Храпунов пен Әбілязовтың қылмыстық схемасы әшкереленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қашқын банкир Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық істі қарау одан әрі жалғасуда. Соттың бүгінгі отырысында Мұхтар Әбілязовтың Храпуновтар отбасынан сатып алған «Building Service Company» компаниясына миллиардтаған несие беруі туралы оқиға қаралды.