Джонсон-Деревянченко айқасының жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы титулына ресми үміткер атағы үшін украиндық Сергей Деревянченко мен багамдық Туреано Джонсон арасында жекпе-жек өткізуді міндеттеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.