БҚО-да төрт айда 62 мыңнан астам адам тіркелді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда тұрғылықты жері бойынша 62956 адам тіркелді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында БҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ертас Бисенов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.