Қазақстанда исламдық қаржыландыру: Тренд немесе қажеттілік
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында елімізді дамытудың экономикалық үлгісін нығайту үшін жаңа қаржы құралдарына сұраныс күннен-күнге артып келеді. Мұндай құралдардың бірі орасан әлеуетке ие исламдық қаржыландыру.