Астрономия грекше астрон – жұлдыз, номос – заң деген ұғымды береді. Астрономия да физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс – тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезе уақытты, бағыт – бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған.