«Дарабоз» және «Алтын қалам» үздік балалар жазушысын бірігіп анықтайтын болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Дарабоз» балалар шығармашылығы әдеби байқауы мен «Алтын қалам» әдеби жүлдесі балалар тақырыбында жазатын үздік жазушыны бірігіп анықтайтын болды. Бұл туралы бүгін Қазақстан баспасөз клубында болған мәслихатта белгілі болды.