ОҚО-да тастақты жерде жүзім өсіріле бастады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында жүзім өсіру ісі қолға алынды. Жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев тастақ жерді тиімді пайдаланып, жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Ал биыл қосымша 10 гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.