Прокурорлар Мұхтар Әбілязовті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банктің ақшасын ұрлау ісі бойынша тараптардың сөз сайысы одан әрі жалғасуда. Соттағы сөзінде мемлекеттік айыптаушылар Еркін Баймағамбетов пен Тимур Шамаи сотталушыларға қылмыстық істі қарау барысында тағылған айыптардың толықтай дәлелденгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.