Бас Мүфтидің құттықтауы: Рамазан - рухани жаңғыруымызға септігін тигізетін қасиеті мол ай
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 мамыр - қасиетті Рамазан айының бірінші күні. Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының басталуына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құттықтау жолдады.