Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде шаңды дауыл болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.