Өзбекстан СІМ басшысы Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын табысты деп атады
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының 10-шы жалпы отырысында Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың есебі алғаш рет тыңдалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.